«Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің «№ 293 орта мектебі» КММ
Ресми интернет-ресурс
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
«Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №293 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазымға конкурс жариялайды.
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Т.Құлымбетов көшесі №70, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған., «Қызылорда облысының білім басқармасының Жаңақорған ауданы бойынша білім бөлімінің №293 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Бос лауазым атауы:Хореограф

Хореографқа қойылатын негізгі талаптар:
• Жоғары педагогикалық немесе хореографиялық бағыттағы орта кәсіптік немесе жоғары білімінің болуы;
• Би өнері саласында кемінде 3 жылдық тәжірибесі болуы (мектеп немесе мәдениет ұйымдарында);
• Халық билері мен заманауи би бағыттарын меңгерген болуы;
• Оқушылармен жұмыс істеу дағдысы мен жауапкершілігі жоғары;
• Шығармашылық ойлау қабілеті және ұжыммен жұмыс істей білуі.

Лауазымдық міндеттері:
• Оқушыларға би өнерін үйрету және үйірме сабақтарын өткізу;
• Мектепішілік және қалалық мәдени іс-шараларға би нөмірлерін дайындау;
• Үйірме жұмысының жылдық жоспарын құрастыру және есептілік жүргізу;
• Би репертуарын жаңарту және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш
2. Жеке куәлік көшірмесі;
3.Музыкалық білім туралы құжаттың көшірмесі;
4. Еңбек өтілін растайтын құжат (еңбек кітапшасы көшірмесі);
5. Түйіндеме (резюме);
6. Портфолио (марапаттар, бейнежазбалар және т.б.)
* Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурс құжат қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде, яғни 31.10.2025ж күні сағат 15.00 де Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Т.Құлымбетов көшесі №70 мекен жайында өткізіледі.